ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

Өткен аптада Атырау қаласындағы «Отбасы» саябағында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өтті. Сенбілікке келгендердің басым бөлігін мұнай-газ саласының қызметкерлері құрады. West Dala компаниясының еріктілері басқа акцияға қатысушылармен бірге су тасқыны кезінде қурап қалған жасыл желектердің орнына 1000 жас қарағаш пен жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды.

Айта кетейік, әр сенбі сайын Атырау қаласы мен аудандарында қоқыс жинау және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі. West Dala компаниясының қызметкерлері өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында көптеген акцияларға қатысады.

 

                                                   

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.