ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

Сенбіліктер маусымы басталып, 11 сәуір күні West Dala компаниясының қызметкерлері Маңғыстау облысы Экология департаменті ұйымдастырған Ақтау қаласының аумақтарын тазалау акциясына қатысты. Сонымен қатар, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұсынысын қолдап, Атырау қаласындағы Жеңіс саябағын тазалау және абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтті.

West Dala компаниясы сенбіліктердің экологиялық маңызын әрдайым ескеріп, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарайды және экологиялық іс-шараларға үнемі белсенді қатысады. Экологиялық таза болашақ бүгінгі жауапты шешімдерден басталады, ал әрбір қадамымыз — келешек ұрпақ үшін тұрақты ортаға қосқан үлес.

 

 

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.