ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУ

Баубек Гумаровтың 2022 жылғы 28 наурыздағы Facebook әлеуметтік желідегі «Глас народа» тобындағы жазбасы мен бейнесіне «West Dala» ЖШС келесіні хабарлайды:

Атырау-Орал тас жолы бойында шашылып жатқан қалдықтар, көбінесе ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) бойынша проблема шын мәнінде бар.

Алайда, «West Dala» ЖШС тарапына кінә тағу келесі себептерге байланысты негізсіз болып табылады:

  • «West Dala» ЖШС объектісі – ҚБК (Қалдықтарды басқару жөніндегі кешені) Атырау-Орал тас жолынан 200 метрде орналасқан. Бұл объектіде қалдықтарды орналастыруға арналған полигон жоқ! ҚБК қалдықтарды сұрыптайтын және жентектейтін сұрыптау цехі мен жабдықтары бар ангардан тұрады. Барлық қалдықтар, соның ішінде ҚТҚ ҚБК-ге жабық бункерлерде жеткізіліп, таразы арқылы өтеді, содан кейін цехте сұрыптау үшін жабық ангарға жеткізіледі. Тіпті ҚБК аумағында болуы мүмкін қағаз қалдықтар ҚР Экологиялық заңнамасымен белгіленген нормаларға сәйкес брикеттерге престелген. Осылайша,  «West Dala» ЖШС ҚБК барлық қалдықтар жабық кеңістіктерде болады және қалдықтардың ҚБК мен жапсарлы аумақ бойынша шашылып кетуге мүмкіндігі жоқ.    
  • ҚБК-дан жақын қалалық полигон 500 метрде орналасқан. Полигон «СпецАвтобаза» ЖШС жеке меншігі болып табылады және «West Dala» ЖШС ешқандай қатысы жоқ. Полигон «Рабица» торымен қоршалған, қалдықтар ашық аймақта сұрыпталады, осыған байланысты қоқыстардың жақын аумақтарға таралуы орын алады.
  • «West Dala» ЖШС жапсарлы аумаққа 27-29 наурызда болған боранда желмен таралған барлық қоқыстар 30 наурыз күні тазартылды. Сурет қоса берілді.  Алайда, барлық қоқыс тазаланған аумаққа желмен қайта-қайта  таралуда (әсіресе полиэтиленді пакеттер). 

 

«West Dala» ЖШС баспасөз қызметі

Салтанат Жундибаева

wdprmanager@westdala.isker.kz

 

 

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.