2025 жылдың қаңтар айының соңында Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытында (ҮБЗ) шикі мұнайды қайта өңдеу басталды. Ауқымды жобаны дайындауға қазақстандық компаниялар белсенді қатысты. ККЖ құрылыс жұмыстарының шарықтау шегінде 90 000 жұмыс орны құрылды.

West Dala компаниясы ТШО мердігер ұйымы ретінде 2019 жылдан бастап ҮБЗ құрылысын қамтамасыз етуге қатысты. Осы жобаны жүзеге асыру үшін біздің компания «Теңіз» ҚЖК-ін құрды, ол Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) аясында қалдықтарды басқару қызметтерін көрсетуге арналған қолдау базасы болды.

Жаңа нысан үшін сапалы мердігерлік қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында суперсакерлер, су тасымалдау көліктері, бункеровоздар, вакуумдық машиналар, қоқыс тасушы көліктер, автокран, манипуляторлар, әртүрлі көлемдегі қалдық контейнерлері, 6м және 12м дәретхана кешендері, сондай-ақ бір кабиналы барлық маусымдық биодәретханалар сатып алынды.

Үшінші буын зауытының құрылысы барысында ТШО-мен серіктестігіміз кеңейіп, 2021 жылы жаңа «Прорва» ҚЖК іске қосылды. Бұл кешен Теңіздегі West Dala базасына айналып, ТШО өндірістік алаңдарында құрылыс пен демонтаж қалдықтарын қайта өңдеу қызметтерін ұсынды.

Айта кету керек, ТШО сапалы серіктестік қарым-қатынасты қалыптастыруға үлкен үлес қосады, ал West Dala қызметкерлері ТШО-ның жоғары өндірістік стандарттарын ұстануға тырысады. Бұл CHESM аудиті (денсаулық сақтау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған орта) бойынша жоғары бағалардан және Тапсырыс берушінің марапаттарынан көрінеді.

Біз ҮБЗ құрылысында жұмыс істеу тәжірибеміз үшін алғысымызды білдіреміз және ТШО-мен басқа жобаларды жүзеге асыруда жоғары деңгейде жұмыс істеуді жалғастыруға ниеттіміз.

 

 

 

 

Толығырақ:

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «West Dala» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының қамқорлығындағы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

West Dala Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып жүрген жас спортшылар мен спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Осындай маңызды жобалардың бірі — боксшы Бекхан Махамбетұлы Оразбайдың U15 және U17 Азия чемпионатына қатысуына демеушілік көрсету болды.