ТӘЛІМГЕРЛІК

West Dala өз есігін жас мамандар мен студенттерге айқара ашты, бұл туралы біз бұған дейін өз жазбаларымызда айтқан болатынбыз. Осылайша, West Dala қызметкерлері жастарға тәлімгер болып, өздерінің жинақталған тәжірибесін береді, бұл компанияның тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келеді.

Тәлімгерлік қызметкерлерге өздерінің кәсіби және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі. West Dala үшін оқыту арқылы білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар жалпы корпоративтік құндылықтарды және тұтастай алғанда Қазақстанда қалдықтарды басқару нарығының қалай жұмыс істейтінін түсіну маңызды.

Тәлімгер – бұл студент жаңадан бастағаннан білікті маманға дейін өсетін кәсіби әлемге жол сілтеуші. Ал біздің тәжірибелі қызметкерлер бұл жұмысты тамаша атқарады.

 

 

 

Толығырақ:

Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.

Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.