VII «Uralsk Green Forum» экологиялық форумында мемлекеттік және жеке секторлардың өкілдері, салалық және мамандандырылған қауымдастықтардан, сондай-ақ сарапшылар мен депутаттардан 200-ден астам қатысушы қатысты. Форумға West Dala компаниясынан делегаттар ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу мүмкіндіктері мен тәжірибесін зерттеу мақсатында қатысты.

Форум барысында климаттың өзгеруі, энергия үнемдеу, таза өндіріс және жасыл қаржыландыру, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және өнеркәсіпте төмен көміртекті даму, сондай-ақ экологиялық стартаптар мен инновациялық технологиялар мәселелері талқыланды.

Форумда «Қалдықтарды басқарудағы тұрақты даму» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырылды, оған мердігер компаниялар, қалдықтарды қайта өңдеу компаниялары және қалдықтарды басқаруды оңтайландыру жобаларына қатысатын студент жастар қатысты.

 

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.