URALSK GREEN FORUM 1-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ – UGF'2017

2017 жылдың 31 мамаырында Орал қаласында «Uralsk Green Forum» (UGF) 1-ші халықаралық форумы болып өтті. Экологиялық форум EXPO 2017: «Экология мен энергия үнемдеудің қазіргі заманғы мәселелері. Жаңа тәсілдер мен даму жолдары» көрмесі қарсаңында жасыл экономика тұжырымдамасын көтермелеу шеңберінде ұйымдастырылды. «Вест Дала» ЖШС аталған форумда белсенді қатысушы болды.     

Форумның талқылаған негізгі тақырыптары:

  • EXPO 2017 «Болашақтың Энергиясы» көрмесін өткізу шеңберінде энергияны үнемдеу мен энергияның тиімділігін арттыру.
  • Мұнай саласында қалдықтарды басқару жүйесі.

Форумды ұйымдастырушы – «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.». Ресми қолдаушысы – Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігі мен Батыс Қазақстан облысының Әкімдігі. Форумға қатысушылар – мемлекеттік мекемелердің өкілдері, ірі табиғатты пайдаланушылар, Қауымдастықтар, мердігер ұйымдар.

Шараның негізгі мақсаттары:

  • Мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы ҚОҚ мәселелерін шешу, B2G және B2B форматында энергияны үнемдеу үшін тиімді коммуникациялық және ақпараттық-іскерлік алаңқай жасау;
  • Жасыл экономика тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде бұдан әрі ынтымақтастық үшін тәжірибелер алмасу және тұғырнама қалыптастыру;
  • Мұнайгаз өнеркәсібінде экологиялық бағыттың интенсивті дамуына жәрдемдесу;
  • Энергия үнемдеуші және энергиялық тиімді технологияларды енгізуге кедергі болатын факторларды анықтау, шешімдердің жолдарын іздестіру;
  • Өздерінің тауарлары мен қызметтерін қоршаған ортаны қорғау, жасыл технологиялар мен қалдықтарды өңдеу саласында ұсынатын қазақстандық тауар өндірушілер мен ШОБ өкілдерін қолдау;
  • Табиғатты пайдаланушы – компаниялардың экологтарының, жоғарғы деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінің, маманданған қауымдастықтардың және сарапшы-экологтардың кездесетін жетекші орны ретінде Орал қаласының статусын қолдау.

Толығырақ:

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «West Dala» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының қамқорлығындағы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

West Dala Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып жүрген жас спортшылар мен спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Осындай маңызды жобалардың бірі — боксшы Бекхан Махамбетұлы Оразбайдың U15 және U17 Азия чемпионатына қатысуына демеушілік көрсету болды.