Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Әріптесіміз Гаухар Бекетаева Ironman сериясының триатлоннан беделді спорттық жарысында мәреге сәтті жетті! Ол Нұр-Сұлтан қаласында BI Group Ironman Kazakhstan-мен қатар өткен BI Group Ironman 70.3 Astana жарысының қатысушысы болды.
Гаухар эстафеталық команда құрамында болып, 21,1 км жүгіру бағдарламасын орындады. «Бұл менің алғашқы Ironman жарысым. Мен 100% бар күшімді салып, қашықтықты 2 сағат 6 минутта жүгіріп өттім», - дейді Гаухар. Жарыс 2019 жылдан бастап пандемияға байланысты кейінге қалдырылды және осы жылдың 14 тамызында әлемнің 56 елінен 1700 триатлет қатысқан осындай ауқымды іс-шарада Гаухар өзін көрсете білді.
«Мен West Dala логотипі бар жүгіру жарысына қатысып, осы жарыста біздің туымызды көтергеніме қуаныштымын», - деді Гаухар. Естеріңізге сала кетейік, біздің әріптесіміз «ISKER» Консорциумы» ЖШС компаниясы ұйымдастырған дәстүрлі жүгіру жарысында 25 минут ішінде 5 км қашықтықты жүгіріп өтіп, «35 жасқа дейінгі әйелдер» санатында үздік атанды.
Оның жоспарында жаттығуларды жалғастыру және келесі іс-шарада жарыстың барлық үш кезеңін аяқтай отырып, Ironman атағына үміткер болу бар.
Гаухарды кезекті жеңісімен құттықтаймыз және оның спорттық арманы міндетті түрде жүзеге асуын тілейміз!