West Dala-да жаңа жыл маусымы ашық!

West Dala-да жаңа жыл маусымы ашық! Біздің компания объектілерінің бірінің қызметкерлері қайта өңделген материалдардан әдемі жасыл шырша мен Аққала жасады. Мүсіндер қолданылған шиналарға негізделген, олар шамдармен, металлмен, ПЭТ бөтелкелерімен, ағашпен және тіпті Big Bag сөмкесімен безендірілген.
Бұл фигуралар Жаңа жылдық рәміздер мен күнделікті өмірде қолданылатын заттарды қайта өңдеу идеясын тамаша үйлестіреді. Қиял мен шебер қолдың арқасында қайта өңделетін материалдар жаңа өмірге ие болды, ал шырша мен Аққала керемет жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады! 

Іске асыру үшін біз сұрыптау учаскесі (СУ) және әкімшілік шаруашылық бөлімінің (ӘШБ) командасына - Саймурзиев Қанат, Жакаков Мухамбет, Губашев Рашид, Даулетов Еркин, слесарь - Токешов Галымбек, тамақ таратушы - Камиева Айнур, медбике - Қадыржанова Фаризатқа алғысымызды білдіреміз.

Баршаңызды келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз!

Толығырақ:

Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.

Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.