West Dala компаниясы «Өнеркәсіптік қалдықтарды басқару көшбасшысы» номинациясы бойынша сыйлыққа ие болды. Марапаттау рәсімі VI Еуразиялық «Green Energy & Waste Recycling Forum –2022» (GEWR) бизнес-форумы аясында өтті. Қазақстанның қалдықтарды басқару саласындағы сыйлығы Waste Management Awards (WMA) 2022 – қалдықтарды басқару саласындағы үздік жетістіктер мен инновациялар үшін берілетін тәуелсіз қоғамдық марапат. Іс-шара қазақстандық «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығының бастамасымен 2018 жылдан бастап GEWR бизнес-форумы аясында екі жыл сайын өткізіледі.
.
Осы жылы 42 номинант арасынан 8 компанияның жетістіктері осы сыйлықпен марапатталды. Жеңімпаздарды сараптама комиссиясы ұсынылған өтінімдерді бағалау және балл беру нәтижелері бойынша анықтады. Комиссия құрамында: Шынболат Байқұлов – Комиссия Төрағасы, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығының Басқарма Төрағасы; Дуслан Ахметов – «AWOK» ҚТҚ қайта өңдеушілер, кәдеге жаратушылар және қоқыс шығаратын ұйымдар қауымдастығының басшысы; Азаматхан Әміртай – «Экологиялық альянс» «Байтақ Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті; Асқар Ементаев – «KazEnergy» қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық Қауымдастығының энергетикалық кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры; Галина Артюхина –Тұрақты даму үшін қазақстандық табиғат пайдаланушылар қауымдастығының атқарушы директоры; Лаура Маликова – Тәжірибелі экологтар қауымдастығының төрағасы; Рамиль Дисембаев – Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастықтың сарапшысы.
.
«Біз сенімді серіктес болуға, сондай-ақ қалдықтарды басқару саласында ең қауіпсіз технологияларды енгізу арқылы экологияны сақтауға, жақсартуға өз үлесімізді қосуға әрдайым ұмтыламыз», - деп атап өтті West Dala басшылығы. Waste Management Awards сыйлығы компанияға осы номинацияда екінші рет табысталды, бұл West Dala компаниясының өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруға арналған кешенді қағидаттарды ұстанатындығының тағы бір көрінісі.

 

 

 

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.

West Dala компаниясының қызметкерлері Маңғыстау облысы Экология департаменті ұйымдастырған Ақтау қаласының аумақтарын тазалау акциясына қатысты. Сонымен қатар, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұсынысын қолдап, Атырау қаласындағы Жеңіс саябағын тазалау және абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.

Бұл айдың жылылығы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қыстан кейін жаңа бастамаларға күш-қуат беруге көмектесті.