ЫНТАЛАНДЫРУ

Қазан айында «Теңіз» ҚЖК-нде West Dala серіктестігінің басшылығы мұнай шламын бөлу жобасын жұмылдыру кезінде Денсаулықты, қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегі жоғары көрсеткіштері үшін жұмысшыларды марапаттады. Жобаға қатысқандардың барлығына компанияның бас директоры К.Ш.Салахаденовтың атынан құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шараға West Dala серіктестігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының басшысы Б.А.Дуйсебаев және жоба учаскесінің жетекшісі А.Н.Марков қатысып, өз кезегінде жұмысшыларға жобаға атсалысып, жан-жақты қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

  • Марапатталған «А» ауысымының қызметкерлері: Зайниев Р.А., Ибраев Б.А., Жакупов Б.А., Манкеев А.Т., Урасаев Б.А., Алтыбаев З.Н., Базарбаев А.С., Катентаев Т.С., Кубулов З.А., Тажигалиев К.Б.
  • Марапатталған «B» ауысымының қызметкерлері: Шавалиев Н.А., Рсалиев Р.О., Ибраев А.А., Темергалиев Е.А., Қайралапин М.М., Сулейманов Т.Г., Назаров Д.О., Кеңес Б.Қ.

Барлығына жаңа жобаларды жүзеге асыруда үлкен табыстар мен қауіпсіз жұмыс күндерін тілейміз.

 

Толығырақ:

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған Green Jylyoi Expo 2026 экологиялық акциясы өтті.

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.