ЖАРТЫ МАРАФОН

Біздің әріптестеріміз бос уақытты денсаулыққа қалай өткізетінін білгіңіз келе ме? Спортзал мен марафондарда! Денсаулық сақтау қызметінің маманы Гаухар Бекетаева мен химик-технолог Айымжан Нұрмұханова тағы да Атырауда емес, 19-шы Ыстамбұл жартылай марафонында Türkiye Iş Bankası спорттық жарысқа қатысты. 28 сәуірде олар жаңбырлы ауа-райына қарамастан 21,1 км қашықтықты жүгірді. Гаухар Бекетаеваның жеке нәтижесі - 1 сағат 55 минут, Айымжан Нұрмұханова-1 сағат 58 минут. Бұл жарыс керемет эмоциялар сыйлады және өзін сынауға көмектесті, дейді West Dala спортшылары. Жарысқа жүгірушілердің рекордтық саны – 10 129 адам қатысты. Ыстамбұл жартылай марафоны - Еуропадағы ең жақсы «Gold Label» жартылай марафондарының бірі. Жарыс жолы Мәрмәр теңізінің жағасында өтті, ал жарыс кезіндегі атмосфераның өзі позитивті теңізі бар спорттық мереке сияқты болды.

Гаухар Бекетаева мен Айымжан Нұрмұханова - West Dala компаниясының атыраулық еріктілері мен белсенділері: әріптестерімен бірге олар су тасқынына қарсы жұмыстарға қатысты.

      

     

Толығырақ:

Аумақтарды көгалдандыру — қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесіміз

Қарттар күніне орай West Dala компаниясы игі дәстүрді кезекті рет жалғастырып, қарт адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері табысталды.

West Dala компаниясы «Мұнай және Газ» — KIOGE 2026 30-шы мерейтойлық Халықаралық көрмесіне қатысты.

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.