ЖАСОЛУ ҚБК

ҚБК-нде жасыл оазис.

West Dala компаниясының ҚБК аумағында шынайы жасыл оазис бар екенін білдіңіз бе? Мұнда 300-ден астам ағаштар мен гүлдер отырғызылған, ал олардың 30%-ы жеміс береді. Әр жылы кешен қызметкерлері алма, алмұрт, айва, өрік және шие жинайды. Биылғы маусым да ерекшелік болған жоқ!

Бастапқыда ҚБК өндірістік аумағы заңнамалық талаптарға сәйкес көгалдандырылған, бірақ уақыт өте келе қызметкерлер процеске кірісіп, бақ үлкейе бастады.

«Біздің аймақтың топырағы қиын, бірақ дұрыс күтім жасалса бәрі өседі,» — дейді ҚБК өндірісінің басшысы Боранбай Кумисбеков. Ол тәжірибелі бағбан және жасыл желектерге көп көңіл бөлетін тамаша команда жинады. West Dala компаниясы жыл сайын 30-50 жаңа ағаш отырғызуға қаржы бөледі.

Биыл жұмысшылар Рашид Губашев пен Нұрлан Ығылмановқа, сондай-ақ ӘШБ басшысы Нұрбақыт Қабиденовтың жетекшілігімен жәндіктердің шабуылынан кейінгі жұмыспен көбірек айналысуға тура келді. Бірақ олар «өте жақсы» деңгейде жұмыс атқарды! 

 

 

   

Толығырақ:

Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.

Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.