West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.
Жұмысты қауіпсіз орындағаны, ұжымдық рух пен өз міндеттерін уақтылы орындағаны үшін әріптестеріміз Налибаева Гүлжахан, Табылды Айсана, Жұмағазина Күндіз, Кенжебаева Нұрбике және Керімбаева Орынкүл «Новус Болашақ» ЖШС (Теңіз ҚЖК) компанияның сайт-сервис менеджері Грэм Голди қол қойған Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бұл біздің негізгі клиентіміздің бірінші көтермелеуі емес, ол үшін «Новус Болашақ» ЖШС-не үлкен алғысымызды білдіреміз.
Шынында да, «ҚЖК Теңіз» командасы жалпы ауданы 5,4 мың шаршы метрден асатын аумақта тазалық қызметтерін кәсіби түрде көрсетеді. Осыған байланысты жоба менеджерлері тұлғасында ҚЖК басшылығын, бақылау және жақсы үйлестірілген жұмыс бойынша олардың орынбасарлары мен үйлестірушілерін де атап өткен жөн. Әріптестеріміз компания игілігі үшін жұмыс істеп, сол арқылы «West Dala» ЖШС беделін жоғары деңгейде ұстап отыр.
.jpg)