ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

West Dala компаниясында ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін Ұжымдық шарт бар. Атап айтқанда, онда еңбек шарты, ішкі еңбек тәртібі ережелері, сыйлықақы және басқалар сияқты ережелер көрсетілген. Жалпы дауыс беру арқылы қалдықтарды басқару кешенінің өндіріс бастығы Боранбай Батырғалиұлы Күмісбеков жұмыскерлердің өкілі болып таңдалды. Бұл миссия оған қызметкерлер арасында және жұмыс берушіде жоғары беделге ие адам ретінде берілген.

Ұжымдық шарт бойынша қызметкерлердің өкілі ретінде Буранбай Батырғалиұлы Ұжымдық келіссөздер жүргізу, Ұжымдық шарт жасасу немесе өзгерту кезінде өкілдік ету функциясын орындайды, сондай-ақ еңбек дауларын шешуге қатысады.

                                                  

Толығырақ:

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «West Dala» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының қамқорлығындағы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

West Dala Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып жүрген жас спортшылар мен спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Осындай маңызды жобалардың бірі — боксшы Бекхан Махамбетұлы Оразбайдың U15 және U17 Азия чемпионатына қатысуына демеушілік көрсету болды.